«Virtus.pro» CS:GO командасы REPUBLEAGUE Season 2 турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Медведи» 1/8 финалда түркиялық «Eternal Fire» командасынан жеңілді. Қорытынды есеп - 1:2 (16:19 - Inferno, 16:13 - Overpass, 14:16 - Dust II).

REPUBLEAGUE Season 2 жарысы 20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді. Еуропа мен ТМД елдерінен 26 команда 100 мың еуро жүлде қорын сарапқа салады.