Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан керлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының ширек финалдағы кездесулері аяқталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. Бұл кёрлингтен халықаралық бәсекелерде біздің спортшылар жеңіп алған алғашқы жүлде.