QHF Республикалық жарыс департаменті 10 қараша күні Өскеменде өткен «Алтай Торпедосы» мен «Бейбарыс» командалары арасындағы матчтың эпизодын қарап, атыраулық қорғаушы Михаил Дынковты дисквалификациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесудің 6-минутындағы хоккейшінің әрекеті «қарсыласын таяқпен ұру» түсіндірмесіне жатады. Осы эпизодта Дынков қарсыласының басынан таяқпен ұрғанын ескере отырып, ереже бұзғаны үшін «ойын соңына дейін шеттету» қарастырылған.

Осылайша, Регламентке сәйкес ойыншыға бір матчқа міндетті дисквалификация, сондай-ақ келесі матчқа қосымша дисквалификация немесе айыппұл төлейді.