16-21 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында каратэден (WKF) әлем чемпионаты өтеді.

Бәсекеде 117 мемлекеттен келген мыңнан астам татами шебері ката және кумите бағдарламасында жүлдеге таласады.

25-ші әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында 10 спорты апарады.

Олар: Мөлдір Жетібай (50 кг), Сабина Захарова (55 кг), Қайсар Алпысбай (60 кг), Николь Ценгель (61 кг), Әсел Қанай (68 кг), Софья Берульцева (+68 кг), Дидар Әмірәлі (67 кг), Нұрқанат Әжіқанов (75 кг), Игорь Чехмарев (84 кг) және Данияр Юлдашев (+84 кг).