Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Герасименко жаңадан түзілген рейтингте 46-сатыдан 41-орынға көтерілді.

Спортшының рейтингте жоғарылуына Словенияда өткен WTT Contender турниріндегі күміс медаль әсер еткен.

Айта кетелік, Герасименко әлемдік рейтнигте ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші.