СКА шабуылшысы Линден Вей мансабын 2017/18 маусымында ойнаған «Барыста» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін БАҚ-та ойыншының жақын арада СКА-дан кететіні жазылған. Бұл ақпаратты хоккейшінің агенті Шуми Бабаев растады.

Оның келісім шарты 2022 жылға дейін жарамды.

2021/22 маусымында 30 жастағы Вей ҚХЛ тұрақты чемпионатының 21 матчында 11 (5+6) ұпай жинады.

Вей 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.