14 қарашада Алматыда өтетін OCTAGON турнирінің басты жекпе-жегінде Махсуда Джаппарова (5-2) мен Анастасия Дюжикова (4-0) төбелеседі. Бәске бос тұрған титул тігіледі, деп жазады Prosports.kz.

ММА-да «Томирис» деген атпен танымал Махсуда Джаппарова Prosports.kz тілшісіне алдағы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті:

- Белбеу менің арманым. Дюжиковамен бірінші жекпе-жекте партердегі өнерім жеткіліксіз болды, бірақ алдағы жекпе-жекте міндетті түрдетжеңіске жетемін, – деді Джаппарова.

OCTAGON 25 турниріндегі чемпиондық белдесу қазақстандық спортшылар үшін октогондағы екінші бетпе-бет кездесу болмақ. Осы жылдың 25 ақпанында Алматыда өткен бірінші жекпе-жекте техникалық нокаутпен Дюжикова ұтты.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде Өзбекстан өкілі Машрабжон Рузибоев (11-3-1) тәжірибелі украиналық Константин Линникпен (27-20) кездеседі.

Еске салайық, қазақстандық ММА тарихында алғаш рет әйелдер арасында чемпиондық атақ сарапқа салынады.