Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатына қатысып, ширек финалда сүрінген Нұрқанат Жақыпов біріншіліктен кейінгі басты өкінішін айтты.

- Бұл әлем чемпионаты - ересектер арасындағы алғашқы додам. Турнирге жаңа бапкерлермен, жақсы дайындықпен бардық. Барлығы ойдағыдай өтті. Тек, медальға ілікпегенім үлкен өкініш болып қалды. Жүлдеге іліккенімде, бәрі басқаша болушы еді.

Енді әлі де алға басамыз. Ширек финалдық кездесуде кішігірім тактикалық қателіктер жіберіп, қарсыласымды көп күтіп қалдым. Соның салдарынан жеңілдім деп ойлаймын. Тәжірибемнің аздығы да байқалды. Алдағы уақытта шеберлікті арттыру үшін бар күшімізді саламыз, - деді Нұрқанат.