Ресейлік маман Евгений Штайгер «Ертіс» хоккей командасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евгений Викторович 1981 жылы 3 маусымда Новокузнецк қаласында дүниеге келген.

Ойыншы ретінде де павлодарлық клубта өнер көрсеткен. Қазақстан чемпионатының ең нәтижелі қорғаушысы болды. 54 ойында 35 (9+26) ұпай жинаған.