Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Шваб жеңіл салмақта IBF чемпионы болған ганалық Ричард Коммидің спарринг-қарсыласы атанды.

Ричард Комми украиналық Василий Ломаченкоға қарсы жұдырықтасуға дайындалып жатыр. Ал қазақстандық боксшы болса 16 қазанда Америка жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Майамиде өткізген. 10 шілдеде ол америкалық Рондейл Хабберттытөрешілер шешімімен жеңді.