Қазақстан Пәкістанның Исламабад қаласында өткен «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турнирінің командалық есебінде бірінші орынға ие болды.

G-1 дәрежесінде өткен жарыста қазақстандық әйел таеквондошылары 6 алтын және бір күміс медалін жеңіп алды.

Айдана Еділбаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Жадыра Хайруллина (62 келіге дейін), Нұрай Хусайнова (67 келіге дейін), Джансель Дениз (73 келіге дейін) және Айгүл Елубай (73 келіден жоғары) турнир чемпиондары атанды. Диана Әбсенова (62 келіге дейін) жарыстарын «күміспен» аяқтады.