Қазақстандық таеквондошы Снежана Даниленко Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Мектеп оқушылары арасында өткен Грекиядағы жарысқа 25 елдің спортшылары қатысқан.

Түркістан облысының 13 жастағы тұрғыны Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұған дейін ол Азия чемпионатында алтын медаль иеленген еді.