Кипрдің «Омония» командасы «Тобылды» Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады.

Чемпиондық атақпен «Омония» клубы төрағасының орынбасары Димитрос Григори құттықтады.

«Құрметті Николай Борисович! «ОМОНИЯ» ФК және оның барлық жанкүйерлерінің атынан «Тобыл» клубын 2021 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтағымыз келеді.«Тобыл» ФК барлық ойыншыларына, жаттықтырушыларына, қызметкерлері мен жанкүйерлеріне құттықтауымызды жеткізуіңізді өтінеміз.

Пандемияға байланысты әлем қиындық көруде. Осы тұрғыда сіздің клубыңыздың жетістігін таңқаларлық деп санауға болады, өйткені бұл клубтың барлық күш-жігері мен шығындарын көрсетеді.

«ОМОНИЯ» ФК 2022/23 жылғы жаңа маусымда УЕФА клубтық турнирінде де, Қазақстанның ішкі жарыстарында да сәттілік тілейді. Сіздің клубыңыздың осы өте қиын жылдағы жетістігі алдағы сәтті маусымдарға нық қадам болатынына сенеміз», - делінген хатта.