«Тобыл» мен Грузия құрамасының шабуылшысы Эльгуджа Лобжанидзе болгариялық ЦСКА-ға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы шабуылшыны бас бапкер Стойчо Младенов шақырып отыр. Младенов Лобжанидземен бірге Қызылорданың «Қайсарында» бірлесіп жұмыс істеген еді. 2020 жылғы маусымда грузин шабуылшысы қасқырлар сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Еске салайық, маусымның қорытындысы бойынша қостанайлық клубпен Қазақстан чемпионы атанды.