«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Оле-Гуннар Солскьяер командадағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлады Prosports.kz.

Бұған дейін манчестерлік дербиде «Манчестер Ситиден» жеңілгеннен кейін клуб басшылығы норвегиялық маманды қызметінен босату нұсқасын қарастырып жатқаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, кейбір жетекші ойыншылар бапкердің команданы басқару тәсіліне наразы екені айтылған.

Бірақ «Манчестер Юнайтед» аңызы, қазіргі кезде Sky сарапшысы Гари Невиллдің айтуынша, клуб директоры Эд Вудворд бас бапкерді жазға дейін (маусым соңына дейін) қызметінен босатпайды.