Қазақстандық кәсіпқой бокшы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Мәскеуге аттанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Шарипованың келесі жекпе-жегі желтоқсан айында өтеді. Кездесу Қазақстан, Ресей немесе Ұлыбританияда өтеді деп жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Фируза бокстан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алуымен құттықтады.