7 қарашада италиялық «Наполи» футбол клубы А сериясы аясындағы «Веронаға» қарсы ойынға арнайы жейдемен шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наполи» ойыншыларының жейдесінде аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның бейнесі болды. Осылайша, олар 2020 жылы 25 қарашада қайтыс болған ұлы аргентиналық футболшыны еске алды.

«Наполи» осы ерекше жейдемен Италия чемпионатының тағы екі ойынға қатысады. Жейде Maradona Game деп аталды.

Айта кетейік, «Наполи» – «Верона» матчы 1:1 есебімен аяқталды.