Қорғаушы Седрик Гогуа ЦСКА-дан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы мәскеулік клуб ресми мәлімдеді.

Ресми ақпаратта айтылуынша, клуб пен ойыншы арасында келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

Айта кетейік, 27 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысы 2017-2018 жылғы маусымда «Қайратта» өнер көрсетті.