Мексикалық Сауль Альверес пен американдық Калеб Плант 7 қарашада өткен жекпе-жектен қанша гонорар алатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Альварес Плантты 11-раундта нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақта абсолютты әлем чемпионы атанды.

«Канело мен Плант бұл жекпе-жектен алатын тұрақты гонорар сомасы 50 миллион доллар, Альварес 40 миллион доллар алды, қалғаны қарсыласын бұйырды», - деп жазды әйгілі спорт журналисі Дэн Рафаэль Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Альварес кәсіпқой бокстағы 57-жеңісіне қол жеткізді (бір жеңіліс). Бұған дейін Сауль мамыр айында рингке оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.