Словенияның Лашко қаласында үстел теннисінен WTT Contender сериясындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сынға қатысқан Қазақстан командасының мүшесі Кирилл Герасименко күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан командасының үздігі турнир барысында Венгрия Жапония, Англия және Қытай өкілдерімен кездесіп, басым түсті.

Ал финалдық сында қытйлық Лян Цзинкуньмен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылды.

Осылайша, Кирилл Герасименко күміс жүлдегер қатарына енді.