Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 14-турында өз алаңында «Нижний Новгородпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Ахматтың» қазақстандық қорғаушысы Марат Быстров бұл ойында негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.

«Ахмат» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді.

«Ахмат» – «Нижний Новгород» – 3:1

Гол соққандар: Мохамед Конате 40, Даниил Печников 72 (автогол), Даниил Уткин 90 – Кирилл Косарев 55