Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес рингке мамырда оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

«Мамырда оралмақпын, себебі денеме демалыс керек. Демалып, толығымен айығу қажет, сондықтан рингке мамырда ораламын», — деді Канело.

7 қарашаға қараған түні Альварес Калеб Плантты 11-раундта нокаутқа түсіріп, титулдарына IBF чемпиондық белбеуін қосқан болатын.