Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Белградта өткен бокстан XXI әлем чемпионатының үздік боксшысының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәстүрлі түрде Олимпиададағы ең мықты боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогы бұл жолыы жаһан біріншілігінің қорытындысы бойынша берілді. Оның иегері 63,5 келі салмақта топ жарған кубалық Энди Круз Гомес болды.

Круз биылғы Олимпиада ойындарында да жеңіске жетті. Ол үшін бұл әлем чемпионатындағы үшінші алтын.