Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің twitter парақшасында Сербия астанасы Белград қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында өнер көрсеткен боксшыларымызды жеңісімен құттықтады.

- Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын!

Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!, -деп жазылған құттықтау хатында.