Белградта бокстан әлем чемпионаты аяқталды. 51 келі салмақта топ жарған Сәкен Бибосынов жарыстан кейін жанкүйерлерге қолдау үшін алғысын айтты.

"Токиода әнұранымызды шырқата алмадым. Бүгін Белградта, Сербияда Қазақстанның әнұранын шырқату бақыты бұйырды. Бұл тек қана менің жеңісім емес, әке-шешемнің, бапкерлерімнің еңбектерінің жемісі деп білемін. Қазақ халқының, жанкүйерлердің қолдауын біз шаршы алаңда қашан да сезінеміз. Көп рахмет! Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда бұдан да биік белесті бағындыру үшін бар күшімізді саламыз”, - дейді жеңімпаз Сәкен.

Айта кетерлігі, Қазақстан ерлер құрамасы бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатын екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен аяқтады