«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор Бразилия құрамасына шақырту алды, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқыда бас бапкер Тите Винисиусті құрамаға шақырмаған еді. Бірақ «Ливерпуль» шабуылшысы Роберто Фирмино жарақат алып, ұлттық құрамаға көмектесе алмайтын болды. Ал оның орнына Винисиус шақырылды.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы осы айда 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Колумбия мен Аргентинаға қарсы матч өткізеді.