Бокстан 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов финалдық жекпе-жектен соң шағын сұхбат берді.

- Бұл жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын! Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысым шексіз. Финалдық кездесу болған соң, психологиялық тұрғыдан қиындау болды.

Ал қарсыласым туралы айтар болсам... Ол өте ыңғайсыз, жылдам қимылдайтын боксшылар екен. Алайда, бапкерлерімнің айтуымен жекпе-жек барысында оны жеңудің жолын таптым.

Барша халқыма маған қолдау көрсеткені үшін бас иіп, рахметімді айтамын, - деді Теміртас.

Әлем чемпионатының ақтық сынында Теміртас Жүсіпов таиландтық Вуттичай Юрачайды айқын басымдықпен ұтты.