Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда франциялық Софьян Умиа мен Абдумалик Халоков кездесті.

Бұл жекпе-жекте француз спортшысы есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, Софьян Умиа ширек финалда қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаевты жарыс жолынан шығарған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі жерлесіміз финалда бақ сынады. Теміртас Жүсіпов алтын медаль алса, Махмут Сабырхан күміс жүлдегер атанды.