Махмуд Сабырхан Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәржесінде өнер көрсететін Сабырхан финалда жапониялық Томоя Цубоимен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте жерлесіміз 0:5 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалында тағы екі боксшымыз - Сакен Бибосынов пен Серік Теміржанов өнер көрсетеді.