Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәржесінде өнер көрсететін Жүсіпов финалда Таиланд спортшысы Вуттичай Юрачаймен кездесті.

Бұл жекпе-жекте жерлесіміз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Жүсіпов үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалында тағы үш боксшымыз - Сакен Бибосынов, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов өнер көрсетеді.