Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалындағы жеңілісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Осымен мен үшін алем чемпионаты аяқтылды. Көп сабақ алдым, мен үшін жанкүйер болып, қолдау көрсеткендеріңзге рақмет. Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан тусын», – деп жазды Асланбек Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Шымбергенов ширек финалда украиналық Юрий Захареевтен 3:2 есебімен ұтылды.