Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, "жауынгер" деген лақап атқа ие болған қазақстандық жекпе-жекті 2022 жылдың 5 ақпанында Майамиде өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

Еске салайық, Тұрсынғалиев соңғы жекпе-жегін 2019 жылы панамалық Рикардо Нуньеске (29-12, 23 КО) қарсы өткізген болатын. Жекпе-жек алтыншы раундта «Жауынгердің» техникалық жеңісімен аяқталды.

Фото: MUSA