Бірінші ауыр салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (10-0, 9 КО) 20 қарашада Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) рингке оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұсаділовтың қарсыласы американдық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) болады деп жоспарланған болатын, бірақ қазір BoxRec.com қазақстандық боксшының қарсыласы ретінде АҚШ-тың басқа өкілі Дастин Лонгты (6-2-2, 4 КО) көрсетеді. Жекпе-жек сегіз раундқа созылады.

Айта кетейік, бұл Мұсаділов пен Миллер арасындағы жекпе-жектің екінші рет үзілуі. Олар қыркүйекте жұдырықтасуды жоспарлаған, бірақ кейін Шон салмақ өлшеу рәсіміне бірнеше сағат қалғанда жарақат алып, рингке шыға алмай қалған.

Серік Мұсаділов соңғы рет 9 шілдеде Майамиде де рингке шыққан болатын. Содан кейін ол төрешілердің бірауызды шешімімен американдық Ламонт Кейперсті (11-15-5, 2 КО) жеңген болатын.