Қазақстанның Абылайхан Жүсіпов пен жапониялық Севонрет Окадзава жекпе-жегіне байланысты жасаған шағымы қабылданбады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жапон боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалында Жүсіповті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы Сербиядағы әлемдік доданың қола жүлдегері атанды.