Дидье Дешам Франция құрамасының Қазақстан мен Финляндияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ФрансФутбол телеграм-каналына сілтеме жасап.

Күтпеген позиция тек қақпашылар қатарында, бұл Майк Меньянның жарақаты мен Стив Манданданың негізгі орынды жоғалтуына байланысты.