Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ширек финалдан кейін сұхбат беріп, колумбиялық қарсыласына және алдағы жекпе-жектерге қатысты ой-пікірімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.

"Колумбиялық боксшы өте мықты спортшылардың қатарында. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Оны 2019 жылғы әлем чемпионатында оңай ұтқан едім. Осы жолы қанша жақсы дайындалып шықсам да, жекпе-жек сәл қиындау өтті. Десе де, келесі айналымға өттім.

Екі жыл бұрынғы әлем чемпионатында да, Токио Олимпиадасында да қола медаль алдым. Ал менің ең үлкен арманым - алтын алып, еліміздің әнұранын шырқату. Бүгінде арманыма екі қадам қалды", - деді Бибосынов.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Сәкен Бибосынов таиландтық боксшымен кездеседі.