Қазақстан чемпионы атанған «Тобыл» жаңа маусым мен Чемпиондар лигасына дайындығын бастап кетті. Қостанайлық команда екі бірдей ойыншыны қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, жартылай қорғаушы Арман Кеңесов пен шабуылшы Темірлан Әміров келер маусымда «Тобылдың» жейдесін киюі мүмкін.

«Тұранның» сұрмергені Темірлан Әміров биыл ел чемпионатында өткізген 24 матчында 5 мәрте қарсылас қақпасына гол соққан. Ол шабуыл шетінде де, шабуыл өтінде де ойнауға қабілетті.

Ал Ресейдің СКА-Хабаровск командасына тиесілі Арман Кеңесов биылғы маусымды «Қайсарда» жалда өткізді. Ол 25 матчта 3 гол соғып, 2 нәтижелі пастың авторы атанған.