Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында Алматыда жаттығу лагерін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат октагонға оралуына Алматыдағы DAR Pro Team клубының залында дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта 27 жастағы Шавкат UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңген.

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.