Бүгін, 3 қарашада футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық раундының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Элиталық раунд 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Төрт топ жеңімпазы қатысушылардың бірінің алаңында өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Оның матчтары 28/29 сәуірде және 30 сәуірде / 1 мамырда өтеді.

Жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Тікелей трансляция UEFA-ның ресми сайтында қол жетімді.