Конференция лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясында өтетін «Қайрат» — «Карабах» (Әзірбайжан) матчына молдовалық төрешілер қазылық етеді, деп жазады Prosports.kz.

Бас төреші: Дмитрий Мунтян, оған қос қапталдан отандастары Андрей Бодян мен Виктор Мардарь көмектеседі. Ал төртінші төреші Вячеслав Банарь.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Карабах» матчы 4 қараша күні Алматыда өтеді. Ойын елорда уақытымен 21:30-да басталады.