Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай бокстан Белградтағы әлем чемпионатының жыртылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/4 финалда шаршы алаң қожайыны Владимир Мирончиковпен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы 0:5 есебімен жеңіліске ұшырады.

Демек әлем чемпионатының жартылай финалына бес боксшымыз өтті. Бес жерлесіміз ширек финалда сүрінді. Өзге үш боксшымыз алғашқы кезеңдерде жарыс жолынан шыққан.