FIFА-ның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер мен UEFA-ның бұрынғы президенті Мишель Платиниді Швейцария прокуратурасы алаяқтық жасады деп айыптады. Тәртіп сақшылары ұзақ тексеруден кейін осындай қорытындыға келген, деп жазады Prosports.kz.

2015 жылдың күзінде Швейцарияның федералды әділет бюросы сол кездегі FIFА президенті Блаттерге 2011 жылы сол кезде UEFА басшысы болған Платиниге 2 миллион еуроны заңсыз аударды деген күдікпен іс қозғады. Платини Блаттердің бірінші президенттік мерзімі (1998-2002) кезінде оның кеңесшісі ретіндегі жұмысы үшін келісімшартсыз заңсыз жалақы алған. Франция құрамасының бұрынғы капитаны 2011 жылы ақпанда Блаттердің мақұлдауымен қомақты қаржыны өз шотына аударған.

Қазіргі таңда Платини мен Блаттер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды.