Теміртас Жүсіпов (48 келі) Белградтағы әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теміртас жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандықты бес төреші де жеңдімпаз деп таныды.

33 жастағы қазақстандық үшін бұл Белградтағы екінші жекпе-жегі болды. Өткен кезеңде ол ринг иесі серб Омер Аметовичті 4:1 есебімен жеңді.