Шымкентте семсерлесуден ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шпага бойынша өткен бәсекеде шымкенттік Эльмир Алимжанов топ жарды. Шығыс Қазақстан облысының өкілі Вадим Шарлаимов екінші орыннан көрінсе, оның командаласы Кирилл Павлов қоланы қанағат тұтты.

Шымкент құрамасының спортшысы Илхамжан Анарқұлов ел біріншілігінің екінші қоласын қанжығалады.