Қазақстан құрамасының және ресейлік «Динамо Самара» клубының ойыншысы Арнольд Кнауб мини-футболдан Ресей Кубогының 1/8 финалында Липецктің ЛКС командасына қарсы матчтарында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында самаралықтар 5:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Динамо Самараның» ширек финалдағы қарсыласы кешірек анықталады.

ЛКС (Липецк) – «Динамо Самара» (Самара) 1:5 (1:2)Голдар: Мадияров (22) – Потехин (2, 50), Котляров (6), Кнауб (36), Симаков (43)

ЛКС (Липецк) – «Динамо Самара» (Самара) 0:3 (0:2)Голдар: Волынюк (9), Кайу (12), Кнауб (37)

Фото dinamo-samara.com