Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP турнирінің бірінші айналымында британдық Дэниел Эвансты 2:6, 7:5, 7:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды.

Еске салайық, келесі айналымда Бублик норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі.