Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан (54 келі) Белградтағы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан соң, кішігірім сұхбат берді.

1/8 айналымда қазақстандық боксшы ирландиялық Мэттью Макхэйлмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

- Өте ыңғайсыз қарсылас болды. Оның кілтін бапкерлерімнің айтуымен екінші раундта таптым. Қуанышқа қарай, жеңіске жеттім. Алда Бразилия боксшысы күтіп тұр. Маған жанкүйер болған баршаңызға алғысым зор, - деді Махмұд.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан ширек финал кездесуін 2 қараша күні өткізеді.