«Ордабасы» футболшылары Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – қақпашы Бекхан Шайзада, қорғаушы Сағадат Тұрсынбай және жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов.

Қараша айында Талғат Байсуфиновтың шәкірттері екі ойын өткізеді. 13 қарашада Парижде 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Францияға қарсы ойнайды, ал 16 қарашада Нұр-Сұлтанда Тәжікстанға қарсы жолдастық матч өткізеді.

«Ордабасы» 26 турда 38 ұпай жинап, чемпионатты бесінші орында аяқтады.