Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі сатыға төмендеді, қазір 36-орында. Дмитрий Попко мен Михаил Кукушкин де өз төмендеді: Попко 171, ал Кукушкин 177-орында тұр.

ТОП-3-те өзгеріс болған жоқ: Новак Джокович (Сербия) бірінші, Даниил Медведев (Ресей) екінші, Стефанос Циципас (Грекия) үшінші орында.

Жұптық сындағы рейтингіде үздік үштікке хорватиялық Мате Павич, Никола Мектич, ұлыбританиялық Джо Солсбери кіреді. Ал Андрей Голубев жеті сатыға көтеріліп, рейтингте жеке рекордына қол жеткізді - қазір 28-орында. Бублик 51-орында қалды, Александр Недовесов - 75-сатыда. Кукушкин бір сатыға төмендеп, 132-орынға тұрақтады.