Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің көшбасшысы австралиялық Эшли Барти болып қала береді. Екіншісі - белоруссиялық теннисші Арина Соболенко, үшінші орында - чехиялық Каролина Плишкова.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үш сатыға көтеріліп, жеке рекордын қайталап, 16-шы болды. Ал Юлия Путинцева 44 орында қалды. Зарина Дияс ТОП-100-ден тағы да шығып, екі позицияға – 102-орынға түсті.

Жұптық сында бельгиялық Элиза Мертенс бірінші орынға шықты, екінші орында чехиялық Катерина Синякова болды, оның отандасы Крейчикова үшінші орынға көтерілді.

«Дабл» рейтингінің бірінші жүздігінде қазақстандық Елена Рыбакина 49-шы, Анна Данилина 84-ші орынға көтерілді.